Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Асылхан Төлепов: “Төреғали ылғи кешігіп жүреді”

289

bezymyannyj

Түсірілім барысында Төреғали Төреәлі өзінің студенттің шағында қандай болғанын айтып берді. Ол өзін бұзықтау болғанын айтты. “Ағылшын, орыс тілдері сабақтарына бармағам. Біреуінің де мұғалімдерін көрмеген екем. Сол кісілерден кешірім сұраймын. Сондай бір аса қатты тәртіпті болған жоқпын”,- деп ағынан жарылды әнші.

Төреғалидің қандай студент болғанын оның группаласы актер Асылхан Төлепов те есіне алды. Оның айтуынша, ол сабаққа үнемі кешігіп келіп жүреді екен.

” Төреғали студент кезінде де сабаққа кешігіп келетін. Жаңа съемкаға да екі жарым сағатқа кешігіп келді. Оған қарамастан біз түсіре бердік. Клипте режиссер ол сабаққа кешігіп келгендей әдемі етіп келтіріп жіберді,, – деді ол оның кешігіп келетін әдеті туралы айтып. Дегенмен, Төреғали бұл жаман әдетін өзінің өнері арқылы “жуып-шаяды” екен.

“Төреғали сөзге шешен жігіт қой. Кешіксе де, өз өзін алып шығады. Өлең шығарып,  сөзбен қиыстырып құтылып кетеді. Бізде сексенге келген үлкен ағай болды. Сол кісінің сабағына кешігіп келгенде, ол бір парақ қағазға өлең шығарып, сөйтіп құтылып, өзін-өзі ақтап шыққан”, – деп есіне алды актер.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз