Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Асыл дегені жәй тас боп шықты. Қарағанды тұрғыны бриллиант үшін кісі өлтірді

144

Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылығы, қару сақтағаны және кісі өлтіргені үшін айыпталған үш ер адамның ісін қарауда. Тергеу нұсқасы бойынша жанжалдың шығуы мен кісі өліміне жалған гауһар тас себеп болған.

«Үш ер адам бірқатар қылмыс жасағаны, оның ішінде кісі өлтіргені үшін айыпталуда», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметінде.

Айыптау актісіне сәйкес сотталушылардың бірі танысынан гауһар тас сатып алған, бірақ ол жалған болып шыққан. Сатып алғаннан кейін 2 айдан соң оның жалған екенін білген ол танысымен хабарласып, тас үшін берген Range Rover, Toyota Land Cruiser 200 және Lexus RX 350 – үш көлікті қайтаруын талап етеді. Алайда бұл сәтте ер адам Lexus RX 350 көлігін сатып үлгеріп, 5 мың доллар түсімді үшінші адамға беріп жіберген.

Жалған бриллиант алып алданған ер адам екі досымен сатқан адамнан ақша алу үшін барады. Олардың арасында Ақтас көшесінде жанжал туындайды. Сотталушылардың бірі ер адамға оқ атқан, өлім аузында жатқан ер адамды көлікке салып, Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының шыға берісіне тастап кетеді. Ер адам есін жимастан көз жұмады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз