Көкшетау қаласына баратын айналма жолдың солтүстік-шығыс жағында жаңа зиратты салу туралы шешім қабылданды.

Себебі елорданың ішіндегі және сыртындағы зираттарда адам жерлейтін жер қалмаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Жобаға сәйкес, жаңа зиратта мұсылмандар мен xристиандар үшін қаза болған адаммен қоштасу үйлері, әкімшілік-тұрмыстық және дінм рәсімдер өткізетін орындар, жерлеу рәсімдеріне қатысты керек-жарақтар, гүлдер павильондары, сондай-ақ арнайы қызмет көрсетуші теxникаларға арналған автотұрақтар болады.
Астана қалалық перспективті даму бөлімінің жетекшісі Александр Терещенконың айтуынша, жаңа зираттың құрылысы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде 79 мың орын жасақталады. Жалпы, жаңа зиратта 253 мың орын болады. Жобаның құны – 4 млрд. теңге.