Желі қолданушылары Астана көгін қара бұлт тұмшалаған суреттерді жариялап жатыр.
Елордада таңертең ауа райының құбылып тұрғанын байқауға болатын. Егер сол жағалауда бұлттар қаптап, жаңбыр жауғалы тұрса, оң жағалауда ашық аспанда күн жайнап тұрған. Ал түске таман Астана көгіндегі бұлттар қоюлана бастады. Ауа райының қалай құбылып жатқанын Астана тұрғындары суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялай бастады.