Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Астанадан келгендерді саунаға апарып, қойнына қыз салу – дәстүрге айналған!

Айта кетсек, шымкенттік депутат Дулат Әбіш депутаттардан бастап, полиция полковнигінде  де сауна бар екенін, сол сауналарда ауылдан келген қазақтың қыздары жезөкшелік қызмет көрсететінін мойындады, – деп жазған еді NUR.KZ.

“Біздің қалада  полиция полковнигінде де сауна бар. Екі депутаттың саунасы бар. Оны айтпаймыз, ол сауналар да учаскелік полицейлердің территориясында. Сауналарда ауылдан келген қазақ қыздары жүр. Оларды үйіндегілер қызымыз оқып жатыр, пәтер жалдап тұрып жатыр дейді. Олар болса, “сауна жағалап жүр”, – деп ашынған халық қалаулысы ол аздай, бүгінде қыздар былай тұрсын, балалар арасында да жезөкшеліктің бар екенін жасырмады.

«Бізде бір-ақ облыс әкімі көшедегі қыздарды жойды. Ол – Асқар Исабекұлы Мырзахметов. Қалған әкімдер келіп жатыр. Қазіргі әкім таныспаған шығар бәлкім. Бірақ бізде осы пробелама бар. Мына жерде отырып ақыл айтудан не пайда?

Біз өзіміз «двойной» стандартқа үйреніп кеткенбіз. Астанадан комиссия келсе, оларды апарамыз сол саунаға. Сөйтіп, күтеміз, сол қыздарды шақырамыз»,

– деді депутат.

images_cms-image-000027600

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз