Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанадан Алматыға бір күнде үш пойыз шығатын болды

2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді:

– «Алматы-2-Астана» бұрын №1/2 болса, енді №701/702;

– «Алматы-2-Петропавл» бұрын №701/702 болса, енді №705/706;

– «Астана-Шымкент» бұрын №79/80 болса, енді №707/708.

Сонымен қатар 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап №3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап №11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» кең кузовты вагондармен жасақталатын болады.

Жолаушылар пойызын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) қатынайтын болады.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз