Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада жолаушылар көлік басқармасының бастығы пара алу кезінде ұсталды

Басқарма бастығының пара алып отырғаны бұл бірінші рет емес. Алдында ол жасанды жол кедергісін («лежачие полицейские») қайта қалпына келтіру жұмыстарының атқарылғандығы жөніндегі актіге қол қойғаны және кәсіпкерді тәртіпсіз жұмыс атқарушылар реестріне тіркемес үшін делдал арқылы 1,5 миллион теңге пара алған.

Тура сол күні Сүлейменов аялдамаларды тазалап, бояу жұмыстарының атқарылғаны туралы актіге қол қою үшін 600 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Оның заңсыз алған әр сыйақысының мөлшері мемлекеттік сатып алуларда ұтып алынған тендер сомасының 10 пайызын құрап отырған.

Қазір Сүлейменов Астана қаласы ішкі істер департаментіне қарасты уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз