Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада жол ақысы 3800 теңге болуы мүмкін

Бұл жаңалықтар қалалық көлік жүйесін модернизациялау бойынша ұсынылған BUS/км жүйесіне енгізілген. Бұл жүйе бойынша, жол жүру құнын коммуналдық қызмет есебіне қосу көзделіп отыр.

“Біз жаңа әрі анық болатын жүйені ұсынып отырмыз. Осы арқылы қоғамдық көлік қатынасынан түсетін ақша ағымын басқарудың ашықтығына қол жеткізе аламыз. Осы арқылы әр үйдің ай сайынғы ағымдағы шығын көлемін 3857 теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің қажетті субсидия көлемін үш есе азайтуға мүмкіндік береді”,

— деді “Астана LRT” ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жанна Ақжанова.

Оның айтуынша, арнайы жеңілдіктері бар адамдар бұл төлемнен босатылады. Елордалық жүргізушілер қала көшелерінде ақылы тұрақтарға төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.

BUS/км жүйесі жолаушылар тасымалдаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жүйені әзірлеушілердің айтуы бойынша, ендігі кезде жүргізуші үшін автобуста қанша адамның болатыны маңызды емес болады. Жүргізуші үшін ең басты мәселе, қозғалыс бағыты мен аялдамалар аралығын сақтау болады.

Фото: © Sputnik / Евгений Самарин

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз