Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Астанада Жер комиссияның отырысы басталды

101

Отырыстың күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралды. Осы ретте ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру институтын жетілдіру. Соның ішінде жерді ұтымды пайдалануға бақылауды күшейту, жерді жалға беру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, бір қолға жалға берілетін жерлердің шекті мөлшерін белгілеу, еліміздің шекаралас аумақтарынан берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тәртібін қатайту сияқты мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, елді мекендердің маңайынан жергілікті тұрғындарды қажетті жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жүйесі жөнінде әңгіме қозғалды. Бұдан бөлек, мораторий жарияланған екі мәселе – жерді қазақстандықтарға жекеменшікке беру және шетелдіктерге жалға беру тақырыбында ой-пікір алмасулар қамтылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз