Қазақстан велоспорт федерациясы «Астана» президенттік спорт клубымен бірлесіп Астанада Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 71 жылдығына арналған мерекелік велошеру өткізді.
Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, велошеру қатысушылары «Салтанат сарайы» аумағынан басталып, Қабанбай батыр көшесі арқылы «Астана-Арена» алаңын басып өтеді. Велошеру «Сарыарқа» республикалық велотрегінің жанында аяқталды.