Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Астанада жаңбыр суында қайықпен жүрген екі жігітке неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды

Іс материалдары Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салған.

“Ол аумақты басқару қиын, онда көп ереже бұзушылықтар жасалған. Астаналық екі тұрғынның салдарынан түрлі жағдайлар болар еді. Олардың әрекеті басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді”, – деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, тамыздың 20-21 күндері Астанада көп мөлшерінде жаңбыр жауған болатын. Соның салдарынан жолдарды су басып, кептелістер болды. Куәгерлер оталмай қалған автобустар мен қайықпен жүрген адамдардың видеосын желіде жариялаған еді.

Сонымен қатар, осы жауын салдарынан салонына су толған қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысынан шеттетілді. Және Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың суға толып кетуі елорданың халықаралық беделіне нұқсан келетін іс екенін айтты. Осыдан кейін Үкімет басшысы Сағынтаев Астана нөсеріне атүсті қарап келгендіктерін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз