Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада Жамбыл облысынан келген қарбыздан қауын шыбыны табылды

309

Маманның сөзіне қарағанда, қауын шыбыны асқабақ тұқымдас өнімдер – қарбыз, қауын мен қиярға жиі түседі. Ондайда сары шыбындар піспей тұрған қарбызға құрт салып кетеді.

«Қарбыздың сыртында қызыл-қоңыр іздер пайда болады. Содан құрттың түскенін білуге болады. Ондайды көрсеңіз бірден өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторларға арыздану қажет. Олар сол жерде жүреді, немесе шағым түсіруге болады. Негізі, оның адам денсаулығына зияны жоқ. Дегенмен, басқа асқабақ тұқымдас өнімдерге тарап кетсе, бәрін құртып жібереді», – деп атап көрсетті С.Қалиасқаров.

Айта кетейік, биыл қауын шыбыны Астанада алғаш рет анықталып отыр. Инспекторлар қарбыздың бәрін арнайы әдіспен көміп тастады.

«Жақында тағы анықталды. Соттың шешімі шыққаннан кейін оны да дәл осылай көміп тастаймыз», – дейді С.Қалиасқаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз