Қазнетте Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында төбелес болғаны, соның салдарынан жас жігіттің пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады.
Threads желісіндегі қолданушылар түнгі ойын-сауық орнының маңында жас жігіттің пышақталғанын жазуда. Полиция мәліметінше, тергеу аясында екі күдікті ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Анықталғандай, түнгі мекемелердің бірінің маңында жастар арасында сөзге келу болып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан қайтыс болды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.