Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Астанада таныс келіншегінің сөмкесінен ақша ұрлаған экс-шенеунік 4 жылға сотталуы мүмкін

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оқиға қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Жапа шегуші Айсұлу Жачина, оның құрбысы және экс-шенеунік Қобыланды Мусин барлығы бірге отырады. Бақылау камерасынан белгілі болғаны, Мусин жалғыз қалған сәтте жанында тұрған сөмкеге қолын созып, ішінен ақша алады. Жапа шеккен тарап, 1 миллион 800 мың теңгенің қолды болғанын айтып отыр.

Сот барысында сол материалдық шығынынан бөлек, тағы 7 миллион теңге моральдық шығын талап етті. Ал тарап кеткен спорт және туризм министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Мусиннің өзі соңында дастарханның есеп-шотын төлер кезде ақшам жетпей қалып, қыздардан қарызға бар-жоғы 4 жарым мың теңге алдым дейді. Сөйтіп, тағылған айыппен келіспей отыр.

“Мусин маусымның 25-іне мейрамханада Жачинаның сөмкесін қараусыз қалдырғанын көріп, ішінен 1 миллион 800 мың теңгені алған. Мұны тергеушілер анықтады.  Сондықтан оны дүние-мүлкін тәркілемей-ақ, 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын”, деді мемлекеттік айыптаушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз