Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
463
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.99
0.00

Астанада талантты жастар фестивалі басталды

210

Байқау арнайы орта білім беретін оқу орындары студенттерінің арасында дарынды жастарды анықтап, қолдауға бағытталған. Жастар фестиваль-байқауы 8 күнге жалғсады. Фестивальдің салтанатты ашылуына Бейбіт Құшқалиев, Әкімхан Мəженов, би өнерінен әлем және Еуропа чемпиондары «Бомонд» ансамблі және басқа да эстрада жұлдыздары қатысты.

“Шараның басты мақсаты – аты айтып тұрғандай жастарды жаңа белестерге жетуге мүмкіндік беру, жетелеу. Фестивальде өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, жастардың бір-бірімен танысу, замандастарымен идея алмасу мүмкіндігі қарастырылған.

Тағы бір ерекшелігі, бұл тек колледж студенттерінің арасында өтуде. Бір апта бойы 35 колледждің студенттері 5 бағыт бойынша өз өнерлерін ортаға салады. Бұдан бөлек бізде А-35 жобасы бар, оның аясында 35 колледж студенттеріне арналған түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылады”,- деді Астана жастары ММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аян Ерментаев.

10 қарашаға дейін болатын фестиваль: «Мәнерлеп оқу», «Вокал өнері», «Би өнері», «Ең ақылды», “Фотобайқау” сынды номинациялар бойынша өтуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз