Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
426
-0.41
EUR
493
-1.42
RUB
5.97
-0.01

Астанада Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай конференция өтіп жатыр

133

Одан кейін Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қосылды. ҚР Президентінің шешімдері шын мәнінде тарихи қадам деп айтуға толық негіз бар. Бұл әлемдік қарусыздану тарихындағы алғашқы және соңғы оқиға болды», – деді конференцияны ұйымдастыру комитетінің басшысы, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияда.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конференцияда сөйлейтін сөзі жиынға қатысушылар назарын тартатын басты оқиға болмақ.

Атап айтқанда, форум барысында жалпы отырыс, сондай-ақ төрт панельдік сессиялар өтеді. Конференцияның қосалқы ұйымдастырушысы Ядролық қаруды таратпау және жою жолындағы парламентшілердің (PNND) халықаралық ұйымы болып табылады. Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын аталып өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні аясында өтеді.

Айта кеткен жөн, басқосуға әлемнің 50 елінен 200-ге жуық халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді саясаткерлер, парламенттік қоғамдастықтың мүшелері мен сарапшылар қатысады деп күтілуде. Сала мамандары қарусыздану және ядролық қаруды таратпау секілді өзекті мәселелерді талқылайды.

Форумға қатысушылар ядролық қаруды қолдану және сынау құрбандарын еске алып, қарусыздандыру және таратпаудың өзекті мәселелерін қарайды және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі ұсыныстар айтады деп күтілуде.

Конференцияға Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Парламентаралық одақтың Президенті және PNND тең төрағасы Сабер Чаудхури, Панафрикалық Парламенттің Президенті Роджер Нкодо Данг, Болгарияның Вице-Президенті Маргарита Попова, Маршалл аралдары Нитиджелінің (Парламент) төрағасы Кенет Кеди, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының негізін салушы Олжас Сүлейменов, басқа да халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың көрнекті өкілдері, жалпы алғанда елуден астам елдердің белгілі діни қайраткерлері қатысуда.

Астана конференциясында қорытынды құжат қабылданатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз