Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада “Нұрлы жол” атты жаңа теміржол вокзалы қолданысқа берілмек

178

Жаңа возкал жобасын сараптау барысында тартылған Buro Happold (Ұлыбритания), Tabanlioglu Architects (Түркия), Jamas (Германия) халықаралық сарапшылар командасы вокзалды теміржолдың үстіне конкорс арқылы орналастыруды қолдады. Бұл өз алдына вокзал ғимаратын жасаудағы соңғы тәсіл өзіндік ноу-хау болып табылады.

“Вокзал-көпір жағалаудан біртіндеп көтеріліп, кеңістікті тиімді пайдалануды мақсат еткен. Вокзалдың қаланың іскерлік орталығына жақын орналасуы да өте қолайлы. Ол арқылы қаладағы автокөліктің кептелісі азаяды.

Вокзал ғимаратының аумағы – 120 мың шаршы метр.

Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған такилдік жолдар, Брайл әліпбиімен ақпаратты табло, арнайы касса қызмет көрсетеді. Негізгі күту залынан бөлек әлемдік талаптарға сай қонақүйлік бөлмелер, қолайлы сақтау қоймалары, ана мен бала бөлмесі, медициналық кеңселер, фудкорттар, мейрамханалар, 1500 орындық ішкі және сыртқы паркингтер қамтылған.

Ғимарат қуат үнемдегіш лифтілермен, эскалаторлармен қамтылып, жылу жүйелері қыста ауаны жылытса, жазда салқындатады. Жаңбыр суын жинап, оны қасбетті жууға пайдаланып, жақын аумақты көгалдандыруға жұмсалады. Жолаушылардың кезек күтіп қалмауын болдырмау үшін кезекті басқарудың замануи қондырғысы, билетті электронды сату жүйесі, Интернетке шығу мүмкіндігі жасалады. Жолаушыларды төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында лаңкестік оқиғалардың алдын алудың кешенді мүмкіндігі жасалады. Оның жолаушыларды тексеріп кіргізу құрылғысы, бейнебақылау жүйесі орнатылады.

Ғимараттың іші сыртында қозғалыс тәртібі тәулік бойы бақыланады. Жаңа вокзал ашылған кезде 1 300 адам жұмыспен қамтылады. 15 мамырда жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, 1-маусымда вокзал кешені инфрақұрылымының — инженерлік коммуникациялық және пойыз қозғалысын интеллектуальдық басқару жүйесі, жолаушыларға қызмет көрсетуі тестілік сынақтан өткізіледі” делінген арнайы хабарламада.

“Нұрлы Жол” вокзалына алғашқы пойыздар 1-маусымнан кіріп-шыға бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз