Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
431
+0.76
EUR
506
-1.73
RUB
5.51
-0.10

Астанада Наурыз мейрамын атап өтуде 20-ға жуық шара өтеді

Астананың жетекші шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді. Атап айтқанда, “Қорқыт” дәстүрлі музыка ансамблі, “Сарыарқа” халық аспаптары ансамблі, Астана қаласының қуыршақ театры, Астана қаласының ммемлекеттік академиялық филармониясының солистері және қазақстандық эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ортаға салады. Бұдан басқа, жиналған қауым қазақша күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сынды спорттық жарыстарға қатыса алады.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында иттер жарысы мен төбет және тазылар көрмесі өткізіледі.

21 және 22 наурызда мерекелік бағдарлама “Қазақ елі” монументінің алдындағы алаңда («Шабыт» ҚҰӨУ жанында), қалалық әкімдіктің жанындағы алаңда, Студенттік саябақта (“Қазақстан” спорткешенінің аумағы) және “Жастар” театрының алдындағы аумақта (вокзал ауданы) ұйымдастырылады. Наурыз мейрамына арналған киіз үйлер тігіледі, алтыбақандар орнатылады, спорттық жарыстар мен қазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен концерттер өтеді, қонақтарға бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.

Киіз үйлерде қазақ халқының “Бата беру”, “Тұсаукесер”, “Айтыс”, “Ұлттық ойындар”, “Беташар”, “Көрісу-амандасу”, “Бесікке салу”, “Ат қою” сынды дәстүрлері көрсетіледі.

Астананың шет аумақтарында да мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Наурыздың 18-і мен 22-сі аралығында Наурызға орайластырылған концерттер мен шаралар Железнодорожный, Промышленный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино, Пригородный, Ильинка, Көктал-1, Көктал-2 және Өндіріс тұрғын алаптарында өтеді. “Алжир” мұражай мемориалдық кешенінде “Қош келдің, Наурыз!” көрмесі ашылды. Көрме 6 бөлімнен тұрады: “Наурыз мейрамыңмен!”, “Ұлттық тағамдар”, “Ұлттық салт-дәстүрлер”, “Қазақ ұлттық ойындары”, “Ұлттық музыкалық аспаптар мен зергерлік бұйымдар”, сондай-ақ “Алаш” залында қазақ ұлттық киімінің, экспонаттар мен Ақмола ауылының №5 орта мектебінің оқушыларының суреттерінің экспозициясы ашылады. Көрме 24 наурызға дейін жалғасады.

Мәдени және спорттық шаралар 19-наурызда сағат 15:00 — 17:00 “Алау” мұз сарайында “Асық Party”асық ату жарысы өтеді. Оған Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры мен “Жастар” театрының актерлары қатысады. Келушілер елордалық театр артистерімен сайысқа түседі.

22-наурызда “Астана Опера” Мемлекеттік опера және балет театрында Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсының қойылымы өтеді, жаңа музыкалық редакцияның авторы – қоюшы-дирижер Абзал Мұхитдинов. Осы күні сағат 18:30-да Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Байжиевтің “Тіл табысқандар” комедиясы, 23-наурызда Шерхан Мұртазаның осы аттас драмасының желісі бойынша қойылған “Бір кем дүние” спектаклі, сенбі және жексенбі күндері “Қараш-Қараш” пен “Ғасырдан да ұзақ күн” спектакльдері көрсетіледі. 24-наурызда Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Рэй Кунидің пьесасы бойынша “Смешные деньги” комедиясы (режиссері – ҚР еңбек сіңірген артисі Бекпулат Парманов) көпшілік назарына ұсынылады.

Бұрын хабарланғандай, Астанада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 20-ға жуық мәдени шара ұйымдастырылады. Басты мерекелік шаралар ашық алаңдарда өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары мерекелік коцерттер, көрмелер мен қаланың театрларында премьералық көрсетілімдер тамашалай алады. “Астана” концерт залында 23-наурызда “Шаншар” әзіл-сықақ кеші, 25 наурызда “Шалқыма” халық би ансамблінің, “Рауан” би ансамблінің және класссикалық пен эстрадалық вокал солистерінің қатысуымен “Би әлемі” концерті өтеді. Елордалық қуыршақ театрында балаларға арналған “Легенда о Наурызе”, “Қаңбақ шал” және “Приключения Наурызбека”, ертегілері көрсетіледі. Орыс драма театры да кішкентай көрермендерін Наурыз мейрамында “Домик для царя зверей” және “Аленький цветочек” ертегілерімен қуантпақ. Шаралардың толық бағдарламасымен www.madeniet.astana.kz сайтынан танысуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз