Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада ломбардқа қарулы шабуыл жасалып, адамдар кепілге алынды

Ломбардқа қарулы шабуыл жасаушы қазір 2 қызметкерді тұтқынға алыпты. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова мәлім етті.

«Белгісіз біреу ломбардқа баса-көктеп кірген. Қазір ол 2 адамды тұтқынға алып отыр», – дейді София Қылышбекова.

ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Садубаев та ломбардқа шабуыл жасалғанын растап отыр.

Қалалық ішкі істер департаментінің өкілдерінің айтуынша, әзірге ломбардтағы қарулы қарақшы 1982 жылғы жігіт. Одан басқа, әзірге мәлімет жоқ.

Қазір полицейлер қарақшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Оған рация беріліп, ломбард орналасқан аудан қоршауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз