Астанада лифт ішінде 14 жастағы жасөспірім пышақпен шабуыл жасаған 5 жасар баланың беті жансызданған. Анасының айтуынша, баланың бет жүйкесі зақымданып, шұғыл түрде шетелде ем алу қажет болып тұр.
Оқиға 2025 жылдың ақпан айында болған. Соттың шешімі бойынша, күдікті психоневрологиялық есепте тұрған ІІ топ мүгедегі болғанына қарамастан, лифт ішінде кішкентай балаға ауыр дене жарақатын салған.