Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Астанада «квартирант» боп жүргендер — тек қазақтар

Кейде көшіп-қонып жүріп осы мен тұрған аудандардың бірінде бір бөлмелі болса да пәтерім болса, бұлай сандалып, әуре-сарсаңға түспес едім деп ойлаймын. Оның орнына әркімге: «Пәтеріңізге бір жылға тіркей тұрасыз ба?» – деп жалынып жүрмін.

«Хозяйкама» айтып едім, басын ала қашты. Ананы айтты, мынаны айтты, әйтеуір тіркемеудің амалын жасады. «Тұрсаң тұр, тұрмасаң қой!» – дейді. Содан, амал жоқ, ішімнен тынып қала бердім.

Мынау үкіметтің «астарлы» саясатының арқасында әлі қанша есік тоздырып, қанша есік қағатынымды бір Құдай білсін. Тек сабыр деп қана өзімді жұбатып қоямын.

Негізі осы Астанада пәтер жалдап тұратын тек қазақтар ғана. Орыстардың пәтер іздеп аяқтан сабылып жүргенін көрмеппін.

Кейде қолымды бір сілтеп, кетіп те қалғым келеді. Бірақ қайтадан сабыр-сабыр деп пәтер іздеп күн кешіп жүрмін.
Бұл жағдайдың қашанға дейін жалғасатынын кім білсін…», деп жазады автор.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз