Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Астанада көкпардан өтетін әлем чемпионатына АҚШ та қатысады

ЭКСПО кезінде басқа да ұлттық спорт түрлерінен республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі. Жалпы, 14 спорттық іс-шара жоспарланған. Олардың алтауы әлем чемпионаты, екеуі Азия чемпионаты, үшеуі халықаралық жарыс, екеуі президент кубогі және бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің мерейтойлық конвенциясы.

Сондай-ақ Қанат Исламның қатысуымен кәсіби бокс кешін өткізу мәселесі пысықталып жатыр.

Аталған жарыстардың әрқайсысына 16-дан 90-ға дейін мемлекеттердің қатысуы көзделген. Олардың ішінде қазақ күресінен “Әлем барысы” чемпионаты, көкпардан және каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаттары, теннистен президент кубогі, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты. Мәскеу қаласында 7-шілдеде басталып, 10-14 шілде аралығында Қостанай, Астана, Семей, Ұржар бағыты бойынша өтетін автомотоспорттан «Жібек жолы-2017» халықаралық ралли марафонын ерекше атап өткен жөн.

Раллиге әлемнің 50 елінен 1,5 мыңнан астам адам қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз