Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Астанада құқық қорғау саласына қатысты халықаралық семинар өтіп жатыр

Академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров семинарды аша отырып:

«Терроризм мен экстремизм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы, адам саудасы, киберқылмыстылық, сыбайлас жемқорлық сияқты қауіптерге қарсы күресу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту және халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ өзге мемлекеттермен ортақ әдістерді әзірлеу қажет», – деп атап өтті деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Осы орайда Бас прокуратура мен БҰҰ-ның өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдың маңыздылығы туралы айтылды. Келісімге сәйкес, Академияның жанында құрылатын Өңірлік хаб базасында қылмыстылықпен күрестің алдыңғы қатарлы технологияларын игеру бойынша өзекті тренингтер өткізілетін болады.

Содан соң БҰҰ-ның Астана қаласындағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басшысы Сигнэ Ротберг пен АҚШ елшілігінің өкілі Джон Сорвис сөз сөйледі.

Тренингке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қаржы мониторингі комитетінің қызметкерлері қатысуда. Тыңдаушылар бір апта бойы мамандандырылған «i2» бағдарламалық жасақтамасын қолдану дағдыларын үйренетін болады. Сабақтарды белгілі шетелдік сарапшылар өткізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз