Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
477
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.41
0.00

Астанада қазақ тілді контент өндірушілердің форумы өтті

Сондай-ақ секторды әрі қарай жетілдіруге және мемлекет тарапынан қолдауға арналған нақты шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

Сонымен қатар форумға қатысқан жастар өздерінің табысты медиа жобаларын ұсынды, туындайтын қиындықтарды талқылады және индустрияның даму векторын белгіледі.

Іс-шара барысында қатысушылар креативті индустрияны тиімді дамытуға тиісті жағдай қажет екенін айтып, өз ұсыныстарын жеткізді.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар арасында меморандумға қол қойылды, оның негізгі идеялары қоғамның өзекті тақырыптары бойынша қазақ тілді контент құру болып саналады.

Сондай-ақ, қатысушылармен Мемлекет басшысы бастамашы болған қазақ тілінде контенттер дайындау барысын және осы бағыттағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға креативті индустрия және отандық медиа өкілдері қатысты.

Форумда кәсіпкер, «Phenomenal Kids»жобасының негізін қалаушы, «QazaqSham» жобасының продюсері Азат Әбікен, тарихшы, археолог-экспериментатор Нұрқожа Ерсайын, продюсер Азамат Демеген, «Balafunny» YouTube-арнасының негізін қалаушы Алтынай Есенжанова, Маңғыстау облысындағы «Aktown» жобасының негізін қалаушы Нұрсұлтан Мырзабек, «QonzhyqApp» жобасының өкілі Айнұр Мәлібекова және басқа қатысушылар қатысып, сөз сөйледі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз