Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Астанада біржақты қозғалысты көшелердің ережесін бұзғандарға 10 650 теңге айыппұл салынады

Елорда көшелеріндегі мұндай тәртіпсіздікке салынатын айыппұл мөлшері 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Биылғы 1 айлық есептік көрсеткіш көлемі 2121 теңге екенін ескерсек,онда айыппұлдың мөлшері 10 605 теңге болмақ.

Әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметкерлері бір апта бойы көлік иелерімен біржақты қозғалыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Астанада 28-мамырда Әуезов және Желтоқсан көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Бірінші жол учаскесінің ұзындығы – 2,9 км, ол Республика даңғылынан Әлия Молдағұлова көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды. Екінші учаскенің ұзындығы – 2 км, ол Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды.

11-маусымда Абай даңғылында (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесінде (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесінде (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз