Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада Бауыржан Байбек Алматы туралы фотокөрмені ашты

168

Астана жұртшылығына мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылған. Көрменің мультимедиялық контентін Жетісуға және көне дәуірден осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы қазақстандық мегаполиске арналған бірегей тарихи суреттер құрайды.

Сондай-ақ көрмеде Алматы қаласы бойынша 3D тур ұсынылады, онда қонақтар мен тұрғындар қаланың танымал, мәдени, маңызды нысандарымен таныса алады. Сонымен бірге, көрмеге жүзге жуық фотосурет пен 32 археологиялық экспонат қойылған. Көрме Астанадағы Алматының мәдени күндері аясында өтуде және 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Алматылықтар елордаға бірқатар мәдени шараларды да дайындап әкелді. 5 және 6 қарашада Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты Мемлекеттік қуыршақтар театры Астана қаласының  Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклінің қойылымын, сондай-ақ «Куклы шоу» мерекелік спектаклін ұйымдастырады. Театр фойесінде екі күн бойы театр ұйымдастырған «Қуыршақтар көрмесі» өтеді.
5 қараша күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Астана қаласының оқырмандарымен танымал ақындардың кездесуі өтеді, оған Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжанов және т.б. ақындар қатысады.

20161105133300

Дәл осы күні сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, Алматы қаласы әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі»  атты гала-концерт өтеді. Концертке Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Қудайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, «Мұзарт», «Қоңыр», «КешьЮ» «Жігіттер», «Сарын» және «Ринго» топтары қатысады.

6 қараша күні сағат 15.00-де Бейбітшілік және келісім Сарайында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев секілді дәстүрлі өнер өкілдерінің қатысуымен «Мәңгілік мұрат» атты дәстүрлі  концерті өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз