Астанада 20 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оны тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары тауып алып, полицияға хабарлаған.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«30 қыркүйекте 102-арнасына Майлин көшесінде демі жоқ қыз жатыр деген хабар келді. 20 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаментінен.
Кейбір мәліметтер бойынша, қыз жоғарғы қабаттың терезесінен құлаған болуы мүмкін.