Қазақстандық «Астана» футбол клубының Англияның «Челсиіне» қарсы конференц-лигадағы ойыны Алматыда өтеді. Конференц-лиганың негізгі кезеңінің жеребе тарту рәсімінен кейін әйгілі лондондық клуб Қазақстанда «Астанаға» қарсы ойын өткізетіні белгілі болған еді.
«УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіндегі «Астанаға» қарсы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтетін болып бекітілді. 30 000 орындық Астана Арена стадионының жаңартылуы «Астана» клубы биылғы маусымда өз алаңындағы матчтарын басқа жерде өткізетінін хабарлады. Олар Алматыдағы Орталық стадионда «Милсами», «Корвинул» және «Бранн» командаларымен конференц-лиганың іріктеу матчтарын өткізді. Дәл осы стадионда «Астана» 12 желтоқсан күні «Челсиді» қабылдайды», – делінген Челсидің баспасөз қызметінің хабарламасында.