ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана мен Ақмола облысының ауа-райының күрт құбылуына қатысты ескерту жариялады.
Бұл туралы осы мекеменің баспасөз қызметі хабар таратты.
«Астана қаласында 21-23 қаңтарда қар бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метр жылдамдықта күшті болады. Ал Ақмола облысында 21-қаңтарда түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метр, 22-23-қаңтарда тәулік бойына соққан боран күші секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды», – деп жазылған хабарламада.