Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Астана көшелеріне алғашқы паркоматтар қойыла бастады

122

Олардың көмегімен автосүйер қауым коммерциялық тұрақ орындары қызметінің ақысын төлей алады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында Нұржол желекжолында 910 ақылы тұрақ орны пайда болады. Бастапқыда ақылы тұрақтарды тегін қолдануға болады. Тұрақ кеңістігін басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйе кешенін тестілеуден өткен соң өзара төлемдер басталады.

Еске сала кетсек, сынақ бастамасы бойынша Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. «Астана қаласының ұрақ кеңістігін басқару» озық технологиямен жасалатын көлік тұрақтары жобасын қолға алған болатын. Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу.

Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ «квадратын», оң жағалауда – Сарыарқа – Бөгенбай батыр, Республика – Есіл жағалауын қамтиды.

Дереккөз: Қазақпарат 

20161106101115

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз