Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

«Астана» футбол клубы биыл тағы да ел чемпионы атанып алды

«Астаналықтар» чемпиондық атаққа 25-ші турдың кейінге қалдырылған матчында, Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қарсы өткізген ойында қол жеткізді. Бұл кездесу бүгін 0:0 деген тең есеппен аяқталды.

Бұл ойында «Астана» тіпті жеңіп кете жаздаған, 33-ші минутта төреші «Оқжетпес» қақпасына пенальти берген, бірақ Рохер Каньястың соққысын алаң иелерінің қақпашысы Саша Стаменкович қайтара алды.

Осы тең нәтижемен-ақ «Астана» 73 ұпай жинап, екінші орында келе жатқан Алматының «Қайратынан» озып кетті.

Әзірге 68 ұпайы бар «Қайрат» қалған соңғы ойында жеңіске жетсе де, чемпионатты 71 ұпаймен аяқтап, екінші орында қалады.

Айта кетсек, «Астана» футбол клубы осымен қатарынан үшінші жыл Қазақстан чемпионы атанып отыр.

Астаналық клуб үш мәрте чемпиондығына болгар маманы Станимир Стойловпен бірге қол жеткізді.

photo_70067

photo_70064

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз