Алматы облысында аспанға оқ жаудырғандар ұсталды.
Алматы облысында әскерден оралған сарбазды аспанға оқ жаудырып қарсы алған. Әлеуметтік желілерде пайда болған кадрларда ауылдардың бірінде сарбаздарды туыстары күтіп алғаны көрінеді. Бір мезгілде бірнеше адам қарумен оқ атқан.
Алматы облысының Полиция департаменті атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқ атылған қару тиісті сараптамаға жіберілді.
«Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданы, Көксай ауылында оқ атып, бұзақылық жасау дерегі анықталды. Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі ер адамды анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді», – деп хабарлады полицейлер.