Бүгін Қаскелең қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бақытбек Есентаевтың ісін қарау басталды, деп хабарлайды kazinform.kz.
Сотқа Бақытбек Есентаевтың туған-туыстары келді, ал жәбірленген Баян Есентаеваның өзі келген жоқ.
Сот процесі жабық есік жағдайында өтуде.
Бақытбек пен Баянның қызы Айсәуле Бақытбек сотта әкесін қорғамақ.
Естеріңізге салсақ, биыл маусымның 10-ы күні Бақытбек Есентаев әйелі Баян Есентаеваны соққыға жығып, бірнеше рет пышақ жұмсап, дене жарақаттарын салған.