Бұл қыз былтырлары бірнеше адамды қағып, артынан жазадан құтылып кеткен атышулы Мақсат Үсеновтың қызы екен. Иә, қазір ол Үсеновпен бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.
Бірақ, қазіргі жүріс-тұрысына қарап оның ақшаға шомылып жүргенін байқауға болады. Уайым-қайғы жоқ. Қайдан болсын. Үсеновтердің “түйені түгімен” жұтатынын ЭКСПО-ға қатысты дау дәлелдеп берді емес пе? Ал бұл қыз Мақсат Үсенов қызы болса, демек тамағы тоқ, көйлегі көк екені анық.
Фотоларға қарап, Алматыда бойжеткеннің жеке шоу-румы бар екенін байқауға болады.
Аделя Ким парақшасына жазбалар мен суреттерді шамамен 9 апта бұрын жариялай бастаған. Ол қымсыну дегенді білмейтін сияқты.