Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Аштық пен сырқат: Түрікменстанда азық-түлік қана емес, дәрі-дәрмек те таусылуда – БАҚ шолуы

516
Фото: aikyn.kz

Түркіменстанда коронавирус жұқтырғандар мен оның салдарларынан қайтыс болғандар саны күн сайын өсуде, – деп хабарлайды Азатлық. Елдің әр аймағында ауруханалар мен тұтас елді мекендер карантинге жабылды. Ашхабадтағы ауруханалар науқастарды қабылдаудан бас тартуда.

– Бұрынғы «Қызыл крест» ауруханасында науқастарды дәліздер мен өткелдерге орналастырып жатыр. Көбінесе ауруханаға жатқызудан бас тартуда және оларға үйде емделуге кеңес беруде. Әсіресе 30 шағынауданында науқастар көп, – дейді Ашхабад тұрғыны.

Осы уақытта Лебапта коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге дәрі-дәрмектер тапшы болып жатыр. Мемлекеттік дәріханалардан табылмайтын дәрі-дәрмектер қара базарда 10 есе қымбат.

Ковидтік науқастарды емдеу үшін жергілікті дәрігерлер Ремдесивир, Эргоферон, Цинк, Гепарин, Азитромицин және Арбидол сияқты препараттарды пайдаланады. Түркіменабад пен Фараптың қара базарларында Ремдесивирдің бір орамасы 2 мың манатқа сатылуда.

Ресми бағам бойынша бұл 570 АҚШ долларына тең, ал қара базар бағамы бойынша — 58 долларға тең

Эргоферон мен Арбидолды қолдан 500 манатқа сатып алуға болады.

– Дәрілердің жетіспеушілігі мен қымбаттығы түрікмен отбасыларына емделуге мүмкіндік бермей отыр.

Экономикалық дағдарыс жағдайында адамдар әрең күн көруде 

–дейді тұрғын.

Сонымен қатар, авторлар коронавирусты емдеуде осы дәрілердің тиімділігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ дейді.

Түркіменстанда осы вирустың таралуы мен адам өлімінің көбеюі маусым айында басталды. Содан бері Ашхабад, Лебап және Мары қалаларында бірқатар ауруханалар, сондай-ақ бүкіл этраптар мен ауылдар карантинге жабылды.

Карантинге жабылған ауылдарға азық-түлік жеткізілмейді

Коронавирус ошақтарының бірі болып саналатын Мары уәлаятында тағы бір ауыл карантинге жабылды.

– Қазір Мургап этрапындағы Құйгыш ауылы карантинде. Басқа аймақтарда да осындай жағдай байқалуда, күн сайын коронавирус жұқырғандар мен қайтыс болғандар саны артып келеді. Уәлаяттық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем көлігімен ондаған адам ауыр халде жеткізілуде, – деді жергілікті тұрғындардың бірі.

Портал журналисі күн сайын күніне екі рет хлор шашатынын айтты.

– Егер түнде көшелер хлормен өңделсе, таңертең сағат 6-лар шамасында бұл химикатты ұшақпен шашады. Осыған байланысты өсімдіктер кеуіп кетуде, көкөністер мен жемістерде хлордың ақ дақтары қалуда, – деді жергілікті тұрғын. Сондай-ақ,  отбасылық дәрігерлер үйлерді аралап, тұрғындардан деен қызуларын үнемі тексеріп отыруды сұрайтынын айтты.

Ауыл тұрғындарына ауыр дағдарыс салдарынан бұрын да оңай болған жоқ.

Ауыл карантинге жабылғаннан кейін қарапайым нанға қол жеткізу үлкен қиындыққа айналды

— Мемлекеттік дүкендерге, тиісінше, субсидияланған азық-түлікті жеткізуді тоқтатты. Мөлшермен ұн беруді доғарды. Көптеген отбасыларда тіпті нан да жоқ, – деді ауыл тұрғындарының бірі.

Вакцина алу үшін пара беру керек

Сонымен бірге, Мары қаласындағы Ниязов ауруханасы коронавирус жұқтырғандардың көп келуіне байланысты карантинге жабылды. Бұған дейін Мары уәлаяттың жұқпалы аурулар ауруханасы, сондай-ақ Йолотен және Мургап этраптары карантинге жабылған болатын.

– Ниязов ауруханасы вирустың жеңіл белгілері бар науқастарды қабылдайды. Егер науқастың жағдайы нашарласа, олар уәлаяттың жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады. Бірақ онда түскен науқастардың көбісі оңала алмай, қайтыс болып жатады, – дейді жергілікті дәрігерлердің бірі.

Сонымен бірге Лебап уәлаятындағы Самандапе газ компрессорлық зауытында коронавирустың өршуі анықталды. Содан кейін билік ауысым бойынша жұмыс істейтін жұмысшыларға зауытқа тек вакцина салдырғандарға ғана кіруге рұқсат етілетінін ескертті.

Осыдан кейін ауысыммен жұмысқа келген жұмысшылар,

жергілікті денсаулық үйлеріне вакцина салдыруға өтініш берді, бірақ оларға вакцина салудан бас тартты

– Олар вакцина тек тіркелген жерлеріндегі медициналық мекемелерде жасалатынын айтты. Бірақ оның жетіспеушілігінен жұмысшылардың көпшілігі вакцинаны бірден ала алмайды, – деп түсіндірді жергілікті тұрғын.

Оның айтуынша, бұл жағдай сыбайлас жемқорлықтың орын алуына мүмкіндік туғызады.

– Дяневқа арналған барлық вакциналар Фарапқа жіберілді. Мен тіркелген ауданда орналасқан денсаулық үйінде қазір вакцина жоқ дейді. Бірақ Фарап этрапынан да келетін жұмысшылар көп болғандықтан, вакцина жеткіліксіз. Сондықтан бізге Түркменабадқа барып, 300 манат пара беріп екпе алуымызға тура келеді. Егер пара бермесек, дәрігерлер екпе жасамайды, – деді газ кәсіпорнының қызметкері.

Студенттер офлайн режимде оқитын болды

Қазіргі уақытта ковидтік шектеулер аясында түрлі аймақтардағы, әсіресе Ашхабадтағы жоғары оқу орындарына түскен студенттерді оқу орнына жібере бастады.

– Түркменабадтың 4 және 2-ші денсаулық үйлерінде студенттер тест тапсыруда. Содан кейін 72 сағат ішінде

тиісті университеттің жауапты қызметкерінің бақылауымен оларды арнайы автобустармен Ашхабадқа алып кетеді

Келгеннен кейін жастар тағы бір апта карантинде болуы керек. Жақында Мары Энергетика институтына қабылданған студенттерді де алып кетті, – деді жергілікті білім беру саласының қызметкері.

Түрікменстан Үкіметі пандемия басталғаннан бері елде бірде-бір COVID-19 оқиғасы тіркелген жоқ деп мәлімдеуін жалғастыруда. Коронавирус жұқтырғандар мен өлім-жітімнің көбеюі, сондай-ақ бүкіл елді мекендердің карантинге жабылғаны туралы билік түсініктеме бермеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз