Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Ашпаймын!”. Уақытша тіркеуді тексеріп келген полицейді пәтерге кіргізбеу туралы хабарлама тарап жатыр

“Кеш жарық! Кеше әкім жарлық шығарды: тұрғындардың тіркелуін тексеріп келген адамдарға есік ашпаңыздар, ол адамдар форма киген болса да үйге кіргізбеуге құқыңыз бар. Жарлық азаматтарды тіркеуге байланысты туындаған жағдайды қылмыскерлер пайдаланып кетпеуі үшін шығарылды. Үйдегілеріңізге ескертіп қойыңыздар!”, – делінген хабарлама мәтінінде.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер мұның жалған екендігін айтты.

“Бұл жалған. Мұндай жарлық болған жоқ”, – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы да бұл қауесетті жоққа шығарды.

“Әкімнен ешқандай хабарлама таратылған жоқ. Адамдар шатастырып алған болар. Мұндай хабарлама таратқан жоқпыз және мұны растамаймыз деп нақты айтамын”, – деді Қайсар Жұмабайұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз