Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Асхат Тарғын: “КешYOU-дің қыздары бізге бұйырмады”

926

Әнші Ақбота Сейтмағамбеттің суретіне әзілдеп пікір жазған, онда Дарен Айдарқұлов, Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бейнеленген болатын. Өз әріптестерінің жас әйелдерін қарап, Асхат әзілдеп:

“Дәурен мен Айқын соқты негізі. Біз бойдақ кезімізде Кешьюдің бір қызы бұйырмады-ау” , – деп жазды.

Оқырмандар Асхаттың мұндай қалжыңын қатаң сынға алды. Көпшіліктің пікірінше, Асхат мұндай сөздерді жазуы өте ерсі, себебі жақында өзі де жас қызға үйленген болатын.

“Әйеліңіз естімесін”, “Ойнап айтсаңыз да, үлкен басыңызбен бұлай қалжыңдайсыз. Тым болмағанда Ақботаның көңіліне қарап аңдап айтсаңыз болар еді. Бұл тағдыр болды, өзіңізге де жас қыз бұйырды, басқасын қайтесіз”, – деп жазды оқырмандар.

Мұндай сөздерден кейін Ақбота Сейтмағамбет пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Асхат Тарғын екінші рет отбасын құрды. Орындаушының жары өзінен 12 жас кіші. 2017 соңында жары оған ұл сыйлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз