Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Асхат Садырбай боксшы Біржан Жақыповқа сын таққандарды айыптады

“Қай спортшыға болмасын оңай емес. Айлап, жылдап үй бетін көрмеу, салмақ қуу, оны ұстап тұру, қара тер төгіп жаттығу. Әлем жұртшылығының алдына шығып сайысқа түсу… Моральдық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да қиын. Бірақ сонда да финалға шығып алтын алу, ширек финалға дейін жету – жеңіс. Олимпиадаға келіп тұрып қатыса алмай, қатысса да бірінші айналымнан ұшып кетіп жатқандар бар. Олимпиададан абыроймен оралып, абыройсыз қалғандар және жеңіліп келіп жеңіске жеткендер қаншама?!”, – дейді журналист.

Асхат осы жолғы Олимпиадада Біржан Жақыповқа ерекше жанкүйерлік етіпті.

“Біз барлық спортшыларға тілеулеспіз. Жеңістеріне қуанамыз. Біржанға ерекше жанкүйер болғанымды жасырмаймын. Оның қанша жылғы мақсаты мен төккен теріне өзім куәмін. Болашақ жаттықтырушылардың, бапкерлердің сағын сындырмайық. Ал, осындағы “сыншыларды” 1 апта емес 1 күн жаттығу залына апарса көрер едім. Кереуеттен құйрығын көтеруге ерінетіндер ел мақтаныштарын жерге ұруға ұста.
Қазір тегін нәрсе жоқ, кімге болса да тіпті жақсы сөзді де қимаймыз ғой. Оларға өтінерім шығынданбай-ақ қойыңыздар, яғни үндемей-ақ қойыңыздар. Егер тұншығып бара жатсаңыз өзіңіз спортқа барып дәлелдеңіз. Өзіңізге кеш болса балаңызды апарыңыз”, – дейді Асхат Садырбай.

Алайда желі қолданушыларының көпшілігі журналиспен келіспеген сыңайлы. «Біржанда жылдамдық қалмаған, жастарға орын беруі керек еді», – дейді бұл ретте олар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз