Отандық танымал әнші балаларына арнап дүркіретіп той өткізді. Бір баласына тілашар, бір перзентіне бесік той жасауды ұйғарған Бейбіт Қорғанның қуанышына ортақтасып отандық шоу-бизнестің жарқын жұлдыздары келді.
Мерекелік шара танымал тұлғаларға лық толы болған деп жазады NUR.KZ.
https://www.instagram.com/p/Bnl-m-ohWBy/?taken-by=askhatsadyrbay
Астана төрінде дүркірете той өткізген Бейбітті құттықтап келген жұлдызды қонақтар арасында Жан Мұқанов, Роза Әлқожа, Айгүл Мүкей, Асхат Садырбай, Қайрат Әділгерей, Айқын, Айнұр Тұрсынбаева, Гүлнәз Әлімгерей және тағы да басқалар бой көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Қорғанның үшінші сәбилі болғанын хабарлаған болатынбыз. Отандық танымал әншінің екі ұлы мен бір қызы бар. Әртіс қызының тілашары мен жақында дүние есігін ашқан ұлының бесік тойын бірге тойлап өткізуді жөн санаған.
Желідегі қауымға орысша-қазақша араластырып сөйлеген асаба ұнамай қапты. „Сөздік қоры жоқ, қалай асаба боп жүр„ деп сынағандар да табылды.