Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Асқаровқа қатысты сот үкімі 10 қаңтарда шығады (фото)

Асқаровтың қорғаушылары соттан БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау комитетінің үндеуіне сәйкес, қылмыстық ісі дәлелденбеді деп, оны босатуға шақырды. Асқаров өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

Жалал-Абад облысы Базар-Қорған ауданында тұрған Азимжан Асқаров құқық қорғау ісімен айналысып келген. 2010 жылдың маусым оқиғасынан кейін, ол милиция қызметкерін өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Соттың барлық инстанциялары бойынша ол өмір бойы бас бостандығынан айрылған.

2016 жылдың сәуір айында БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау комитеті Қырғызстан билігінен Асқаров ісін қайта қарауға шақырды. Комитет Асқаровқа шыққан үкім заңсыз деп, абақтыда оған зорлық-зомбылық көрсетіп, ауыр жағдайда ұстап отыр деп мәлімдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз