Асқар Мырзахметов ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауылшаруашылығы министрі қызметінде қалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Асқар Мырзахметов “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары “Оңтүстік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2016 жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын.