Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қарымта қайтарамын деп сотты болған жезқазғандық полиция қызметкері босатылатын болды

155

Бұл оқиға 2015 жылдың желтоқсанында Жезқазғанда болғанын айта кетелік. Арнайы сараптамадан өтер кезде, көлік жүргізушісі қолындағы ыдыстағы толы зәрді полиция қызметкерінің үстіне шашып жібереді. Ол қарымта жауап ретінде жүргізушіні шапалақпен тартып жібереді.

Жүргізуші өзін шапалақпен тартқан полция қызметкерінің үстінен шағымданып, ақыры ол темір тордан бір-ақ шыққан еді. Оған Жезқазған қаласының соты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

–   Жезқазған қалалық соты үкімін сараптай отырып, соттан ол үкімді өзгертіп, сотталушы Төлеген Игібековтың жазасын жеңілдетіп, 5 жыл шартты түрде жаза тағайындауды сұраймыз. Өйткені Игібеков отбасының жалғыз асыраушысы, осыған дейін сотталған емес, жұмыс орыны да оған жақсы мінездеме беріп отыр. Ал әйелі жақында ғана босанды, – деді бүгінгі соттың аппеляциялық отырысында облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Саян Аққожин.

Соттағы сөз талқыларынан соң судья Мұсабек Әлімбеков жазаны жеңілдететін үкімін жария етті.

– Қылмыстық кодекстің 63-бабына сүйене отырып, қазылар алқасы алдында жарияланған үкімді өзгертіп, 5 жыл шартты түрде жаза тағайындалады, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз