АҚШ-та қаруды қауіпсіз пайдалану жөнінен сабақ өткізіп жатқан қару-жарақ дүкенінің иесі қаза тапты.
Independent басылымының хабарлауынша, Огайодағы қару-жарақ дүкенінің иесі Джеймс Бейкер өзі қаруды қалай қолдану керектігін түсіндірген студенттің қолынан мерт болды.
Оқиға барысында Бейкер студенттер отырған жерге көршілес бөлмеге барып келу үшін шыққан екен. Осы кезде студенттердің бірі байқамай, қолындағы мылтықтың шүріппесін басып қалған. Ақыры қаңғыған оқ қабырғадан өтіп, қару-жарақ дүкені иесінің өмірін қиып кеткен.