Вена операсының музыканттары террористік шабуылдан кейін ғимаратқа қамалып қалған адамдарды қолдау үшін көрермендердің алдына шығып, жаңа концерт қоя бастады. Видеоны көрермендердің бірі Twitter-де жариялады.
— Бүгінгі қойылымнан кейін полиция біздің қауіпсіздігіміз үшін Вена операсынан шығармай ұстады. Шығатын уақытты күтіп отырғанымызда Вена филармониясының қатысушылары тағы бір концерт қоя бастады. Террор, шабуылдар мен атыс Венадағы музыканы тоқтата алмайды, — деп жазды Барбара.
Естеріңізге сала кетейік, Венада 2 қарашада бірқатар шабуыл болды. Шабуылдар қала орталығындағы синагоганың жанында басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жеті адам қаза тапқан. Алайда бұл ақпарат әлі ресми түрде расталмады.
Бұған дейін жергілікті БАҚ-та полиция төрт шабуылдаушыны ұстады деген видео пайда болды. Австрияның ІІМ басшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол баспасөз мәслихатында кем дегенде бір террорист жасырынып үлгергенін, тағы біреуінің полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқанын жариялады. бірнеше ада зардап шегіп, қаза тапты.