“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының жұмысшысы жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.
Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.
“Қайғылы оқиға 9 сәуір күні МНЛЗ-2 конвертерлік цехінде болды. 1973 жылғы жұмысшы қаза тапқан”, — деп мәлімдеді АМТ баспасөз қызметі.
Кәсіпорын ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.