Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Арнайы күзет басқармасының инспекторы аяғына түскен граната жарылып, ауыр жарақат алған

Райымбек Рақымжановтың айтуынша, сол күні олар саптық жүріспен жүріп келе жатып, “жарылыс оң жақтан” деген команданы естиді. Бәрі сол жаққа құлаған сәтте, граната Райымбек Рақымжановтың екі аяғының арасына, шабына жақын жерде жарылған.

Оқыс оқиғадан жарақат алған жас жігіттің әкесі баласының болашағы үшін алаңдаулы.

Райымбектің әкесі Нұрғалиевтің айтуынша, жарылыстан ұлының сан еттері жұлынып кеткен. Қуығына да жарақат келген.

Ал анасы ұлының ұрпақсыз қалатынына алаңдап, көз жасына ерік берген.

“Немере сыйлайды бізге деп қуанып жүргенбіз ғой. “Тойын жасаймыз, үйлендіреміз баламызды” деп. Ұрпақсыз қалатыны қатты қинайды.

Басшылар не қарап отыр? Әскериден бір адам келген жоқ. Полковник пен инструкторы келді.

“Біздің кінәміз жоқ ешқандай. Сіздің балаңыз дұрыс емес бұл жерде” деп маған кінә тағуда. Жарып тастайды. Онымен қоймай кінәні біздің мойнымызға артады”, – деді Жанар Батырбекова.

ІІМ Ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта қызметтік тексеріс басталған.

Дереккөз:Nur.kz.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз