Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

Арман Шораев «Еуразия» арнасының журналисін әдепсіздігі үшін сынға алды

Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

 «Журналистік этика жайында… Бүгін біз үлкен қайғыға тап болып отырмыз. Бауырымыз Еркеш (Шакеев – авт.) ұлынан айырылды. Сафардың өлімі расталғаннан кейін бір сағат өтпей, Еркештің нөміріне бір қыз звондады. – Саламатсыз ба! Мен «1 арна Еуразиядан» боламын, маған шұғыл түрде “комментарий” беріңізші!
Көңіл айтқан да жоқ, қайғыға ортақтасқан да жоқ. Түк болмағандай, комментарий беріңізші деп отыр. Абырой болғанда, сол кезде әкесінің телефоны менде болды. Әрине, мен ол топасты бәріне белгілі «үш әріпке» жібердім.
Артынан оның қоймай, Еркештің достарына дейін шабуылдағанын білдім (хабаралама алмасудың скриншоты бар). Адам қайғысын пайдаланып, журналистік мансапты жасау – абыройдан жұрдай қалғанның белгісі. Бір ар-ұят пен әдеп болуы керек қой», – деп жазды А.Шораев өзінің Facebook парақшасында.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз