Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Арман Қани: Кейкі батырдың бас сүйегіне қатысты түсініксіз жайттарды ашып айтыңдар!

101

Арман Қани

Ақын, қоғам қайраткері Арман Қани Facebook-тегі жеке парақшасында мұның барлығы үлкен күдік пен күмән туғызатынын жазады.

„Кейкі батырдың бас сүйегін Ресейден Қазақстанға қайтару мәселесі екі елдің үкімет басшылары деңгейінде шешілгенімен, екі елдің Сыртқы істер министрліктері, елшіліктері бас сүйекті тапсыру-қабылдап алу шараларына қатысқан жоқ. Бас сүйек ұшақпен жеткізілгенде әскерилер тарапынан құрмет көрсету рәсімі жасалмады, тіпті әуежайға арнайы келген туыстарының өздері бұл үрдістен шеткері қалдырылды.

Осы орайда 2013 жылы Ресей жағы шекарадағы кедендік бекетте біздің жерлесіміз, қатардағы жауынгер  Нүркеновтың сүйегі салынған контейнерді Кеңес одағының туын жауып құрметтеп қазақстандық әскерилерге тапсырғаны, біздікілер қызыл тудың үстіне Қазақстанның көк туын жауып салтанатпен қабылдап алғаны еске түседі… Осылайша, 1943 жылы Ресейдің Новгород облысында неміс әскерлерімен шайқаста қаза тапқан жауынгердің мүрдесі елге жеткізілген еді.

Тағы бір мысал. Өткен жылы Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны үшін атып түсірілген Ресейдің әскери ұшқышының мүрдесі салынған табытты түріктің әскерилері Ресей мемлекетінің туын жауып орыс әскерлеріне салтанатпен қайтарғаны да ойға оралады.

Ал Кейкі бабамызға осындай құрмет те бұйырмады ғой. Өз жерінде отаршылдық саясатқа қарсы шайқасқан ұлт азаттық көтеріліс батырының басы құндылығы шамалы зат секілді Астанаға жеткізілді…

Бүгін «Зерттеу нәтижесінде бас сүйек Кейкі батырдікі екені дәлелденді» деген хабар тарады. Бірақ ДНК сараптамасы батырдың қандай туысынікімен салыстырылып жасалғаны, сараптама жасаушы мамандардың құрамы, кәсібі, біліктілігі, тағы басқасы жайында ештеңе айтылмады…

Демек, Кейкі батырдың бас сүйегіне байланысты түсініксіз жайттар әлі аз емес„

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз