Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Арктиканың көлемі кішірейіп барады. Ғалымдар тіршіліктің неден жойылатынын айтты

278

Америкалық мамандардың мәліметіне сәйкес, олар бірнеше жыл бойы Әлемдік мұхиттардағы су деңгейінің біртіндеп төмендеп бара жатқанын тіркеуге алып отыр. Жердің гранитті қабатының астында жатқан жерасты мұхиттары аталып кеткен сулар да қауіпті жағдайда. Адамзат тіршілігінің салдарынан су қоймаларындағы су деңгейі апат жағдайына дейін алдағы 100 жылда-ақ түсіп кетеді деп болжанып отыр.

Мұның алдында метеорологтар Жер шарының солтүстік бөлігіндегі мұздардың еру жылдамдығы артып бара жатқандығын айтқан болатын. Мамандар Данияның метеорологиялық институтының мәліметтерін сараптаған. Оның қорытындысы бойынша, соңғы айда мұз шыңындағы ауа температурасы әдеттегіден 9-12 градусқа көтерілген. Кейде температура нөл градусқа дейін жылынып, осы уақытқа сай келетін нормадан 20 градусқа жоғарылап, рекорд деңгейіне жетеді.

Айта кетейік, әдетте қараша – мұздың жаздан кейінгі қату кезеңі. 2016 жылы мұз мүлде қатпаған. Қыркүйек айында арктикалық мұз қабаты көлемі рекорд орнатты: оның деңгейі 4,14 миллион шаршы метрге кеміген. Сарапшылар бұған адамдардың кінәлі екенін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз