Аралас жекпе-жектен ауыр салмақтағы ресейлік спортшы Сергей Харитонов Bellator дебюттік кездесуінде америкалық Джейви Айяладан оңбай жеңілді.
Айқас 5 қарашаға қараған түні Анкасвиллде (Коннектикут штаты, АҚШ) өтті және бар-жоғы 16 секундқа ғана созылды. Жағына жойқвн соққы тиген Харитонов нокаутқа кетті. 36 жастағы ресейлік 29 кездесу өткізген және бұл оның алтыншы жеңілісі.